Ресми
Құқықтық мемлекетте өмір сүргім келеді
Еліміздің Конституциясының жаңа жобасында қыз алып қашу және некеге мәжбүрлеу сияқты ескірген дүниелерді жоюға мүмкіндік беретін норма бекітілген.

Сондай-ақ соғысты насихаттауға тыйым салумен қатар қарулы қақтығыстарды насихаттауға да қосымша тыйым салынған. Мен сондықтан да бейбіт және тыныштықта дамыған құқықтық мемлекетте өмір сүріп, еліміздің аспаны ашық болуын қалап, еліміздің қабылданатын жаңа Ата заңын қолдаймын!
Оралбек ШАМШИЕВ,
Теміртау қалалық мәслихатының депутаты



