АймақБас тақырыпҚарағанды

«Құқық тәртібі әліпбиі»: өңірдегі полиция жұмысы көпшілікке таныстырылды

Өңірде «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында азаматтардың құқықтық санасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған «Құқық тәртібі әліпбиі» ауқымды жобасы басталды. Бұл бастама өңірдің қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және мемлекеттік органдар жұмысында ашықтық мәдениетін қалыптастыру стратегиясын іске асыруға бағытталған. Осы мақсатта Полиция департаменті бастығының орынбасары Жасқайрат Қайыров өңірлік полиция органдарының жұмысына шолу жасады. Департаменттегі ауқымды іс-шараға облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Бикенов арнайы қатысты.

Суреттерді түсірген Александр МАРЧЕНКО

Нұрлан Рахметоллаұлы өз сөзінде:

– Мемлекет басшысы заң мен тәртіп идеологиясын бекітті. Заң мен тәртіп басты мақсат халыққа полицияның бір күнін жариялап көрсету. Полиция қызметкерлерінің жұмысы көпшілікке басқаша көрінеді. Осы сала мамандарының еңбегін, жұмысын кеңінен таныстыру мақсатын да осындай іс-шара қажет-ақ, – деді ол.

Ал, Жасқайрат Қайыров болса:

– Біз өз міндетімізді абыроймен атқару үшін күнделікті қызметімізді халықтың сенімі мен қолдауына арнап келеміз. Қоғамдық тәртіп тұрақтылық кепілі деңгейінде бүгінде қала көшелерінде патрульдік қызмет күшейтілуде. Бейнебақылау жүйелері кеңейтілуде. Бұл құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған нақты әрі тиімді бағдарлама. Полиция департаменті қылмысқа қарсы күрес бағытында кешенді жұмыстарды жүйелі жүргізуде. Ұрлық пен есірткі қылмыстарына қарсы жедел іс-шараларының нәтижесінде бұл санаттағы құқық бұзушылықтарының деңгейі төмендеп келеді, – деді.

Жоба аясында қатысушылар кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полициядан бастап көші-қон қызметіне дейін және жедел басқару орталығынан жедел әрекет ету арнайы жасағына дейінгі 11 қызметтің қызметімен таныспақ. Сондай-ақ, Еңбек және жауынгерлік даңқ мұражайына экскурсия, арнайы жасақтардың қару-жарағын, тергеу-криминалистикалық полигонын және жылжымалы зертханасын, кинологиялық қызметтің мүмкіндіктерін көрсету жоспарланған.

Кейін қатысушылар қызметтерге бөлініп, уақытша жұмыс орындарына аттанады.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button