ПрезидентРесми

Құқық қорғау органдарының жұмысын барынша өзгерту қажет — Президент

– Бүгін жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сот қызметі туралы ақпарат қоғам үшін неғұрлым қолжетімді болуы керектігін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Сот қызметі туралы ақпарат қоғам үшін неғұрлым қолжетімді болғаны жөн. Құқық қорғау органдарының жұмысын да барынша өзгерту қажет. Бұл мәселе жөнінде Жолдауымда нақты айттым. Біз азаматтармен өзара қарым-қатынастың сервистік моделін енгіземіз. Қоғамдық қауіпсіздік жаңа цифрлық технологияларды қолдану арқылы қамтамасыз етіледі. Парламент заң үстемдігі, адал бәсеке және жекеменшікті қорғау қағидаттарының құқықтық негізін нығайта түсуі керек», – деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Президент бұл қағидаттар мүлтіксіз орындалатынын атап өтті.

«Бүгінде бірқатар заңнамалық ұсыныстар бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Дегенмен, әлі де көптеген тың бастамалар көтеріп, заңдар қабылдау қажет», – деді Қ. Тоқаев.

ҚазАқпарат.

Басқа материалдар

Back to top button