Жаңалықтар

Құқық нормалары түсіндірілді

«Өмірді сақта» ведомствоаралық бағдарламаларын іске асыру және әскердегі құқық бұзушылықтардың алу жөніндегі 2023 жылға арналған бірыңғай іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында Қарағанды гарнизонында «Жас сарбаз» айлығы өтуде.

Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен ҚР Қарулы Күштері қатарына шақырылған азаматтардың моральдық-іскерлік, әлеуметтік-тұрмыстық қасиеттерін жан-жақты зерделеу жұмыстары белсенді жүргізілуде.

«Жас сарбаз» айлығын өткізу барысында 1-2023 әскерге шақырудың мерзімді қызметінің әскери қызметшілеріне өзара қарым-қатынастардың белгіленген қағидаларын бұзу, бөлімді өз бетінше қалдыру, әскери қызмет міндеттерін орындаудан жалтару немесе бас тарту сияқты қылмыстар жасағаны үшін әскери қызметшілердің қылмыстық жауаптылығы туралы Қылмыстық кодексте көзделген нормалар толығымен түсіндірілуде.

Сонымен қатар, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге оларға құқыққа қайшы әрекеттерге тап келу кезіндегі іс-қимылдар тәртібі түсіндірілді.

– Аталмыш айлықтың өтуі әскердегі заң бұзушылықтың алдын алу мақсатында жаңа тәсілдерді қалыптастырады. Бағдарлама алдын алудың тиімді шараларын әзірлеуге, әскерде жүргізіліп жатқан жұмысты қоғамның дұрыс түсінуі мен қолдау көрсетуіне бағытталып отыр. «Өмірді сақта» ведомствоаралық бағдарламасының басым тұстары өте көп. Құқық бұзушылықтың алдын алу, билікті асыра пайдалану фактілерін ескерту, жарақаттануды азайту, одан өзге әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету», – деді Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасы алдын алу бөлімінің бастығы Жарқынбек Молдаханов.

Жәлел ШАЛҚАР,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button