АймақБас тақырыпҚарқаралы

XVII ғасырдың басында Қарқаралы қазақтың қорғаны, қару-сайман сайлар ұстаханасы болған

Бұдан жүз жыл бұрын XVII ғасырдың басында Қарқаралы қазақтың қорғаны, мерейлі мекені, ел қорғанына қажетті қару-сайман сайлар ұстаханасы болғаны белгілі. Еңсегей бойлы Есім ханның тапсырмасына сәйкес қазақтың атты әскерін ер қаруымен жабдықтауға қасына отыз жігіт ісмерді ертіп, екі-екіден, қос атқа ер ерттетіп, ағаш жонатын өткірді алып Олжашы батыр Қарқаралыға жазға салым келеді.

 

Жаздай жатып, күз келгенде алпыс атқа аспап артып, ер қаруын сайлап хан ордасына оралыпты. Бұл 1626-1627 жылдары өткен оқиға Жақсылық Төленұлының «Олжашы батыр» дастанында баяндалған. Дастан авторы Жақсылық Төленұлы 1919-1922 жылдары Ә.Ермековпен қатар Семей губерниясындағы төңкеріс комитетінің мүшелігіне Семей халқының ашық жиналысында сайланған. Тобықты елінде сот болған, Шәкәрім Құдайбердімен сөйлескен, көпті көрген көшелі, арғы тарихтан хабары мол, білімді кісі.

Марат АЗБАНБАЙ

Автордың «Қарқаралының көне тарихы Архив құжаттары байырғы заң мəтіндерімен салыстырылуы тиіс» атты мақаласынан. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button