Жаңалықтар

WORLDSKILLS KAZAKHSTAN – шеберлікке қадам

2021 жылы 1-ші қараша мен 10-шы желтоқсан аралығында «WorldSkills- Kazakhstan 2021» – VІ Республикалық кәсіби шеберлік Чемпионаты өткізіледі. Бұл ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Talap» коммерциалық емес акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен өтеді.

Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі «Қазмедиа концерт залында» (Қонаев көшесі, 4. 1 қараша, сағат 12.00) болады.

Чемпионаттың конкурстық бөлігінің негізгі құзыреттіліктері бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Қарағанды, Семей қалаларындағы колледж базаларындағы 18 конкурстық алаңда өткізіледі.

Ал жабылу рәсімі Нұр-Сұлтан қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында (23-15 көшесі, 8/1. 2021 жылғы 10 желтоқсан, сағат 12:00) өткізіледі.

Еліміздің 17 аймағынан 450-ден астам жас маман (22 жасқа дейінгі) WorldSkills-тің 18 конкурстық алаңында 30 негізгі және серіктестердің алаңында 40-тан аса қосымша құзыреттіліктер (мамандықтар) бойынша бақ сынайды. Конкурсқа қатысушыларды 500-ге жуық сарапшы бағалайды.

Чемпионат негізгі құзіреттіліктері: Ақпараттық кабельдік желілер, Мехатроника, Инженерлік графика CAD, СББ станоктардағы токарлық жұмыстар, Бизнеске арналған IT шешімдер, Дәнекерлеу технологиясы, Плиткамен қаптау, Сантехника және жылыту, Электроника, Веб технологиясы, Электромонтаждық жұмыстар, Кірпіш қалау, Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары, Кескіндеме және сәндік жұмыстар, Мобильді робототехника, Шаштараз өнері,Сән технологиялары, Кондитерлік іс, Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету, Аспаз ісі, Мейрамхана қызметі, Желілік және жүйелік әкімшілендіру, Графикалық дизайн, Медициналық және әлеуметтік күтім, Визуалды мерчандайзинг, Прототиптеу, Отель-ресепшионист, Наубайхана ісі, Кіші сыныптарда оқыту,Мектепке дейінгі тәрбие.

«WorldSkills Kazakhstan 2021» – VІ Республикалық кәсіби шеберлік Чемпионаты жас кадрларды экономиканың өндірістік секторына тартуға және елдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға ықпал етеді.

Жастарды кәсіби бағдарлау мақсатында Чемпионатқа мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері, мемлекеттік органдар өкілдері, шетелдік және қазақстандық әріптестер, кәсіпорындар қызметкерлері мен жұмыскерлері, сондай-ақ еліміздің барлық аймақтарының кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының педагогтері, сондай-ақ басқа да мүдделі тараптар қатыса алады.

Мұндай Чемпионаттар білікті кадрларды даярлауға, жаңа идеялар мен трендтер жасауға, кәсіби білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді және кәсіби шеберлік дағдыларын жетілдіру орталығына айналады.

Жастарды осы қозғалысқа белсенді қатысуға шақырамыз. Өйткені WorldSkills қозғалысы халықаралық деңгейдегі жаңа маманды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Анықтама: WorldSkills дүниежүзілік қозғалысының белсенді дамуы, жұмыс мамандықтарының беделін арттыру мен көпшілікке танымалдаудың тиімді құралдарының бірі болып табылады.

1946 жылы құрылған WorldSkills қозғалысы 82 елде кәсіби даярлық стандарттарын арттырады және кәсіби дағдыларды бағалау мен дамытуға, кадрларды даярлау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға, экономикалық өсу мен жеке табыс үшін құзыреттіліктің маңыздылығын көрсетуге бағытталған.

Қатысушыларының жас санаты 22 жасқа дейінгі жастар: колледждер мен ЖОО студенттері, сондай-ақ кәсіпорындардың жас қызметкерлері.

2014 жылдан бастап Қазақстан WorldSkills International (WSI) толық құқылы мүшесі болып табылады. «Talap» КЕАҚ WorldSkills Kazakhstan қозғалысын дамыту жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым-мүше ретінде WSI (2014), WSE (2016),WSA (2019) қабылдады және оған сәйкес серіктестік келісімдері бар. Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес «Talap» КЕАҚ Қазақстанда WorldSkills қозғалысының Ұлттық операторы болып табылады.

2015 жылдан бастап сервистік, индустриалдық мамандықтардың мәртебесін арттыру мақсатында елімізде жыл сайын 2000-нан астам қатысушылармен аймақтық және республикалық деңгейде WorldSkills чемпионаттары өткізіледі. Қазақстан ұлттық құрамасының 5 рет халықаралық чемпионаттарға (Бразилия, Швеция, БАӘ, Венгрия, Ресей, Австрия «Веб әзірлеу» құзыреттілігі бойынша бірінші рет қола медальді жеңіп алды) 200-ден астам конкурсанттар мен сарапшылардың қатысуымен ұйымдастырылды.

Қосымша мәліметтерді www.kasipkor.kz және www.worldskills.kz сайттарында жарияланған ақпараттан, сондай-ақ, +7 (7172) 91-73-59 және +7 701 208 18 11 (Рысбетова Назым), телефондары арқылы хабарласып білуге болады. E-mail: naz.kaz@mail.ru

Татьяна НАРТОВА,

Облыстық білім беруді дамытудың

оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары.

Ольга КИРПАН,

Облыстық білім беруді дамытудың

оқу-әдістемелік орталығының әдіскері.

Басқа материалдар

Back to top button