Жаңалықтар

WhatsApp месседжері қара түске ауысады

WhatsApp мессенджерінің өкілдері алдағы уақытта қосымшаның жаңаратынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Wccftech басылымына сілтеме жасап.

Айта кетейік, таяуда мессенджер батырмалы телефондарға да қолжетімді бола бастады. Нәтижесінде әлем бойынша WhatsApp қолданушыларының саны артты – қазіргі уақытта базада жарты миллион жаңа аккаунт бар.

Жаңаруы жайлы айтатын болсақ, WhatsApp өкілдерінің сөзіне қарағанда, мессенджер қара түске ауыстырылады. Айтуларынша, қара түс көзді аса ауыртпайды. Сондай-ақ, жаңа түстің арқасында аккумуляторды үнемдуге болатыны айтылады. Таяуда бұл түс iOS пен Android-та қолжетімді болады.
 

Басқа материалдар

Back to top button