Вокзалдарда мүгедектігі бар жолаушыларға жаңа сүйемелдеу қызметі іске қосылды
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, ұлттық тасымалдаушы «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалымен бірлесіп, мүгедектігі бар жолаушыларға арналған сүйемелдеу қызметін іске қосты. Қызмет жолаушыны автокөліктен вагонға дейін және кері бағытта, сондай-ақ вокзал аумағында толық сүйемелдеуді қамтиды.

Көмекке өтінімді bilet.railways.kz сайтында билет сатып алу кезінде рәсімдеуге болады. Қазір қызмет арнайы арбалармен жабдықталған 57 вокзалда қолжетімді. Егер вокзалда қызмет уақытша көрсетілмесе, билет рәсімдеу кезінде тиісті опциялар шықпайды.
Қызметті рәсімдеу тәртібі:
• bilet.railways.kz сайтынан билет сатып алу;
• «Мүгедек» опциясын таңдап, ЖСН мен анықтама нөмірін енгізу;
• Қажетті көмек түрін белгілеу.
Қолжетімді көмек түрлері:
• пойызға дейін вокзал қызметкерінің сүйемелдеуі;
• арнайы арба ұсыну;
• пойыздан түскен кезде сүйемелдеу;
• пойыздан түскен кезде арнайы арба ұсыну.
Алдын ала өтінім беру вокзал қызметкерлеріне жолаушыға уақытылы әрі толық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға жеңілдіктер қарастырылған:
• әлеуметтік маңызы бар бағыттарда — 50%;
• «Тальго» пойыздарындағы арнайы купелерге (ілесіп жүретін адамға арналған орынмен бірге) — 50%.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



