Владимир Иванович Рыжков
Ұзақ жылдар бойы адал, шексіз адамгершілігі мол, журналистиканың синонимі болған Рыжков Владимир Иванович өмірден өтті.
Ол осы мамандыққа адамдармен шынайы, ашық қарым-қатынас жасау арманымен келіп, қызметінің соңғы күніне дейін оған адал болды. Владимир Иванович еңбек жолын «Степной маяк» газетінде әдеби қызметкер болып бастап, «Индустриальная Караганда» газетінің бас редакторы болды, республикалық және одақтық үздік басылымдарда қызмет етті. Оның материалдары әрқашан нақтылығымен, адамгершілік өзегімен және оқырманға деген шынайы құрметімен ерекшеленді.
Ол қаламгер ғана емес, ізгі ақыл-кеңесін беріп, қолдауын аямайтын дана тәлімгер болды. Әріптестері оны парасатты, жүрегі ашық, қамқор мінезді адам ретінде еске сақтайды.
Владимир Ивановичтің 2015 жылы жарық көрген «От вашего собкора» атты кітабы оның зор шынайы, шыншыл, жарқын журналистік тағдырының өзіндік түйіні болды.
Отбасы мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз. Мәнін көріп, уақытын сезініп, ең маңызды нәрселерді ақиқаттың қарапайым тілімен айта білген адамның жарқын есімі әрдайым есте сақталады.
Е.К.Бөлекпаев, Н.С.Кобжанов, Ә.Ү.Әлденей,
Р.О.Омарбекова, Б.К.Алтынбеков, Н.Р.Бикенов,
Ж.М.Садықанов