Бас тақырыпРесми

Вице-Премьер пікір білдірді

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының орнына ресейлік «Северсталь» компаниясының келетіні туралы мәліметті теріске шығарды.

– Ресей компанияларынан ешкім келіссөз жүргізіп жатқан жоқ. Тағы да қадап айтамын, ешқандай келіссөз жүріп жатқан жоқ, – деді Вице-Премьер Ақордада тілшілер сұрағына орай.

Сондай-ақ, Роман Скляр әзірге инвестор қай елден келетінін айту ерте екенін атап өтті.

– Иә, шынымен де, компания қондырғыларды жөндеу, инвестициялар бойынша міндеттемелерін кешіктіруде. Өндірісте адам қазасымен байланысты қайғылы оқиғалар болып жатыр. Оның бәрі бізді алаңдатпай қоймайды. Сондықтан дамытуға ақша құйып, тиімді жұмыс істей алатын өзге инвесторларды тарту бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр. Оның ішінде еңбек қауіпсіздігі – негізгі басым бағыт. Қазір қай елдің инвесторлары келуі мүмкін екенін айта алмаймын, – деді Роман Скляр.

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button