Бас тақырып

Вице-министр облыс тұрғындарымен кездесті

Вице-министр Сұңғат Есімханов Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесу өткізіп, оның барысында облыстың отын-энергетика кешеніндегі ағымдағы жағдайына тоқталып өтті. Өз сөзінде вице-министр өңірді газдандыру бойынша жоспарларға ерекше тоқталып өтті.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Бүгінгі таңда Қарағанды облысын газдандыру 80 млрд теңге сомасын құрайтын 24 іске қосу кешенін іске асыруды көздеп отыр, оның ішінде: Қарағанды қаласында 29 528 үйді газдандыруға мүмкіндік беретін 16 іске қосу кешені және Теміртау қаласындағы 6 357 үйді газдандыруға мүмкіндік беретін 8 іске қосу кешені. Сонымен қатар 2457 абонентке техникалық шарттар берілді (Қарағанды қ. – 1 742, Теміртау қ. – 715), 1823 абонент газға қосылды (Қарағанды қ. – 1 167, Теміртау қ. – 656).

Бұған қоса газ желілерін салу бойынша 2024 жылға 11,1 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылған. Оның ішінде Қарағанды қаласының АГТС-«Қарағанды «САРЫ-Арқа» МГ газ тарату желілерін, Теміртау қаласының АГТС Теміртау МГ «САРЫ-Арқа» газ тарату желілерін салу және Қарағанды облысы Шахтинск қаласын газбен жабдықтаудың тарату желілері бар

Өзекті мәселелердің бірі болып табылатын жылумен қамтамасыз ету бойынша Сұңғат Есімхановтың айтуынша, бүгінгі таңда облыстың электр станцияларының белгіленген жылу қуаты 4416,3 Гкал / сағ. қолда бар жылу қуаты – 3220,2 Гкал/сағатты құрайды.

Облыстың жылумен жабдықтаудың ірі көздері ЖЭО-3 және ЖЭО-2 болып табылады, олардың жиынтық белгіленген қуаты 2400 Гкал/сағ-тан асады, ал қолда бар қуаты 1800 Гкал/сағ-тан асады және ЖЭО-3 орташа тозуы 69 %, ал ЖЭО-2 72 %-ды құрайды

Осыған орай 2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде Қарағанды облысы бойынша 2025 жылға арналған 4 жобаны іске асыруға 8,6 млрд теңге сомасында қаражат қарастырылған. Атап айтсақ,  Қарағанды қаласының Октябрь ауданының БТ3-тен ТП1-ге дейінгі «Соединительная» жылу магистралін реконструкциялау, ЖЭО-3-тен ОТБО-1-ге дейінгі 1-кезектегі жылу магистралін реконструкциялау, Теміртау қаласындағы Республика даңғылынан Ушинский көшесіндегі сорғы станциясына дейін Құрылысшылар даңғылы бойынша және  Құрылысшылар даңғылынан ТК18-ге дейін (Мир даңғылы- Металлургтер даңғылы) Ушинский көшесі мен Мир даңғылындағы жылу желілерін реконструкциялау.

Есептік кездесуден кейін вице-министр азаматтарды жеке қабылдады, оның аясында тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап ала алды.

Ержан ИМАШ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button