Ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарға сай жүргізіледі
Қазіргі жағдайда ауыл шаруашылығы жануарларының жеке қосалқы үй шаруашылықтарында, ұсақ тауарлы, фермерлік және шаруа қожалықтарында шоғырлануы, инфекциялық және инвазиялық ауруларды жою және өндірілетін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемасының өзектілігі едәуір өсті.
2017 жылы эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге, эпизоотиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларға қарсы 11 ауру түріне (соның ішінде, 8 вакцинация, 2 аллергиялық зерттеулер мен 1 дегельминтизация) және жануарлардың, құстардың аса қауіпті ауруларына қарсы 30 түрлі диагностикалық зерттеуге қан сынамаларын алу және жеткізу жүргізіледі.
Бұл мақсатта республикалық бюджеттен 825,2 млн. теңге қаражат бөлінді.
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жануарлар ауруларын дер кезінде анықтау және тиісті шараларды қабылдау үшін диагностикалық зерттеулерді тұрақты жүргізуді талап етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (OIE) талаптарына сәйкес, жануарлардың бірқатар созылмалы ауруларына (адам мен жануарлар үшін ортақ) эпизоотиялық жағдайды бағалау мақсатында, диагностикалық зерттеулерге барлық түлік (100% қамту) тартылуы тиіс.
Бұл эпизоотиялық жағдайды, өнімді экспорттауға және өнімнің сапа өлшемдеріне және барлық қауіпсіздік кезеңдерінде оны құру, сою, қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау, іске асыру және қолдану қағидаты бойынша «Фермадан үстелге дейін» сәйкестігіне байланысты жүзеге асырылуын бағалауды негіздейді.
Жыл сайын бруцеллезбен ауырған ірі қара мал мен ұсақ малдарды санитариялық союға өткізуге, жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қоймай мiндеттi түрде залалсыздандыруға (зарарсыздандыру) мал иелеріне нарықтық құнының 30%-ын мемлекет есебінен өтеу үшін жергілікті бюджеттен осы жылы 103 210,0 мың теңге қаржы бөлінді.
Бүгінгі таңда облыс бойынша 166 мал сою нысаны салынған. Облыс бойынша қамтамасыз етілуі 76%-ды құрайды.
Облыста 219 ауылдық (кенттік) округтерде 107 мал көмінділері бар, олардың 44-і типтік және 63-і қарапайым.
«Ветстанция» КМК балансындағы мал қорымдарын күтіп-ұстауға осы жылы қалалар мен аудандар бойынша 53,538 млн. теңге қаржы бөлінген.
Қарағанды облысы бойынша 18 ветеринарлық станция және 194 ветеринарлық пункт жұмыс істейді, онда 534 маман жұмыс атқарады.
Барлық ветеринариялық станциялар мен ветеринариялық пункттер автомашиналармен, қондырғыларды дезинфекциялау үшін (ДУК), қызметкерлердің жеке қорғану құралдарымен, аспаптармен, техникалық құрал-жабдықтармен толық көлемде қамтамасыз етілген.
ҚР АШМ 2011 жылғы 29 наурыздағы №08-3/144 бұйрығына сәйкес, «Профилактикасы мен диагностикасы жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбелерін бекіту туралы» әзірленген тізбелеріне сәйкес, ҚР 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесіне тән 8-бабының, 1-5 тармақтарына сәйкес, Қарағанды облысы бойынша енгізілген аурулар: трихофития, псороптоз, саркоптоз, гельминтоз, жануарлардың бірнеше түріне ортақ трипаносомоз, мүйізді ірі қара мал гиподерматозы және жылқы маңқасы.
Басты мәселенің бірі – зооантропонозды аурулардың алдын алу. Инвазиялық және зеңді инфекциялық аурулар әрқашанда мал шаруашылығы үшін өзекті.
Осы мақсатта облыстық бюджеттен биылғы жылы 62,0 млн. теңге қаражат бөлініп, жылқы сақауы және ірі қара малдың бұзаутазына профилактикалық егуді жүргізуге, сондай-ақ, аудандар үшін жоспарланған 3 жылжымалы инсинератор облыстық бюджет қаражаты есебінен сатып алынады.
Биыл жергілікті бюджет есебінен 6 мал қорымының құрылысын салу жоспарланған.
Б.АЙДАРХАНОВ,
«Қарағанды облысының
ветеринария басқармасы» ММ
эпизоотияға қарсы іс-шаралар
бөлімінің басшысы.