Жаңалықтар

«Ветеринария адамзатты емдейді»

Қарағанды облысының ветеринария басқармасы қызметінің негізгі міндеттері – халықтың денсау­лығын жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу.
Былтыр облысымызда ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға бюджеттен 1,860 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді.

Сурет басқармадан

Есепті кезеңге арналған ветеринариялық іс-шаралар толық орындалды. Ауыл шаруашылығы жануарларының 14 түрлі аса қауіпті ауруларына (құтыру, сібір жарасы, аусыл, қарасан, оба, жоғары патогенді құс тұмауы, ринопневмония, жылқы сақауы, нодулярлы дерматит, вирустық диарея мен індетті ринотрахеит, шешек, Ньюкасл, туберкулезге аллергиялық зерттеу және етқоректілердің дегельминтизациясы) қарсы 5,8 млн вакцинация салынып, зертханаға 1,6 млн биологиялық сынама (қан, патологиялық материал) жеткізіліп, зерттелді.

2024 жылы облыс аумағында бруцеллезге зерттелген 532,8 мың ірі қара малдың 1 527-сі және 850,3 мың қой-ешкінің 43-і ауруға оң нәтиже көрсетті.

2023 жылмен салыстырғанда бруцеллезге оң нәтиже көрсеткен мал саны 631 басқа азайып отыр.

(Анықтама: зерттелген 490,6 мың ІҚМ-дың 2 153-і ауруға оң нәтиже, 786,8 мың қой-ешкінің 48-і оң нәтиже берді).

Ауруларға оң нәтиже көрсеткен жануарлар қолданыстағы Ережелердің талаптарына сәйкес санитарлық союға тапсырылды, мал иелеріне жалпы сомасы 80,8 млн теңгеге өтемақы төленді.

Есепті кезеңде облыс аумағында аса қауіпті аурулардың 6 түрі (қарасан, туберкулез, бруцеллез, жылқы лимфангиті, жылқы тұмауы және ринопневмония) бойынша 17 қолайсыз ошақ тіркелген.

Бүгінгі таңда 16 ошақ сауықтырылып, 1 ошақта сауықтыру шаралары жалғасуда. Жағдай ветеринариялық қызметтің бақылауында.

Сондай-ақ, 2023 жылмен салыстыр­ғанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының қолайсыз ошақтарының тіркелуі де азайып отыр.

(Анықтама: 2023 жылы жануарлардың аса қауіпті ауруларының 9 түрі бойынша 21 қолайсыз ошақ тіркелген).

Бұл өз кезегінде аурудың таралуын ауыздықтау мақсатында атқарылған кешенді іс-шаралар мен карантиндік шектеу шараларының уақытылы қабылдануынан.

​Ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің назарын мынаған аударғым келеді: біздің салаға қатысты талаптарды сақтамау эпизоотиялық тұрақтылықтың нашарлауына ғана емес, сонымен қатар, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 406-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соқтырады.

Эпизоотияға қарсы ауруларға егілген малды уақытылы есепке алу және алдын алу үшін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қажет. Бұған 2024 жылы 186 млн теңге бөлінді.

Жалпы облыс бойынша 606,2 мың ауыл шаруашылығы жануарлары (ІҚМ – 149,7 мың, ұсақ мал – 282,4 мың, жылқы – 66,1 мың, шошқа – 107,7 мың, түйе – 282 бас) сәйкестендіріліп, дерекқорға енгізілді. Аудан мен қала сәйкестендіруді жүргізу үшін қажетті атрибуттармен толық қамтамасыз етілді.

Мал қорымдарына тоқталатын болсақ, Қарағанды облысының аумағында эпизоотиядан өлген немесе оның алдын алу тәртібімен алынған ауыл шаруашылығы және үй жануарларының өлекселерін ұзақ уақытқа көмуге арналған 105 орын бар. Бұл – 42 типтік және 63 қарапайым мал қорымдары. Қосымша 18 инсинератор (өлекселерді жағатын пештер) бар, олардың төртеуі – жылжымалы.

Мал қорымдарын ұстауға көзделген 105 млн теңге ағымдағы жөндеуге бағытталды. Осы бағдарлама аясында 24 типтік және қарапайым нысанға жөндеу жүргізілді. 2023 жылмен салыстырғанда 16 нысанға көбірек (Анықтама: Абай ауданы – 4, Бұқар жырау ауданы – 3, Қарқаралы ауданы – 3, Шет ауданы – 7, Нұра ауданы – 3, Қарағанды қаласы – 1, Балқаш қаласы – 3).

Есепті кезеңде Абай ауданы Көксу ауылдық округінде ветеринариялық пункт салынып, пайдалануға берілді.
Ветеринария қызметін материалдық-техникалық тұрғыдан жабдықтау үшін 30 млн теңгеге ірі қара малды туберкулинизациялауға арналған 74 «Овод» инесіз инъекторлары және температуралық режимді сақтауға, түрлі биопрепараттарды уақытша сақтау үшін оның ішінде антиденелер белсенділігінің жоғалуын болдырмау мақсатында қанды жаппай алу кезінде ветеринариялық зертханаларға жеткізілетін қан сынамаларының қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін 60 фармацевтикалық тоңазытқыштар алынды.
Сонымен қатар, 120 млн теңгеге 12 автокөлік (1 бірлік «Jac» маркалы «Пикап», 1 бірлік кроссовер «HAVAL» және 10 бірлік «НИВА» автокөлігі) сатып алынды.

Бұдан басқа, басқарманың құзыретіне мемлекеттік қызметтер көрсету кіреді. Өткен жылы барлығы 57 536 қызмет көрсетілді, оның 51 229-ы ветеринариялық анықтама беру, 6 195-і ветеринариялық паспорт беру, 109-ы ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету), 3-і ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия берілді. Бекітілген жоспарға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және қамтамасыз ету мақсатында барлық аудандық және қалалық ветеринариялық станциялар ішкі бақылаумен қамтылды.

ҚР «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңы аясында іс-шараларды жүзеге асыру үшін 162,1 млн теңге бөлінді. Ашық жарияланған конкурс­тардың қорытындысы бойынша қызмет ұсынушылармен келісімшарттар жасалды. Қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын реттеу бойынша жұмыс «аулау – стерилизациялау – вакцинациялау – шығару» (АСВШ) қағидаты бойынша жүргізілді. Нәтижесінде барлығы 3 405 қаңғыбас ит және мысық ауланып, олардың 2 815-і вакцинация, стерилизация, бірдейлендіру шаралары жүргізілгеннен кейін, бұрынғы мекендеу орындарына шығарылды.

Қолданыстағы Ережелерге сәйкес, үй жануарларын есепке алу жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты, жануарларды қорғау ұйымдарының басшыларына, сондай-ақ ветеринария саласында емдеу-профилактикалық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын субъектілерге, есепке алудың «ITCOR-KZ» ақпараттық жүйесі пайдалануға берілді. Иелері халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 1 282 ит, мысықтарға тегін бірдейлендірілу жүргізілді.

Биыл басқарма облыс аумағында эпизоотиялық салауаттылықты қамтамасыз ету, эпизоотияға қарсы, диагностикалық іс-шараларды уақытылы жүргізуді ұйымдастыру және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі жұмысты жалғастырады. Бірақ, мемлекеттік мекеменің неғұрлым сапалы жұмысы үшін бірқатар проблемаларды шешу қажет, оның ішінде, жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық ұйымдарын материалдық-техникалық жабдықтауы, ветеринариялық мамандарға жүктеме нормативтерінің болмауы және тағы басқа мәселелер бар.

Ветеринариялық дәрігері – күрделі мамандық және жастар үшін тартымды емес, жалақыны көтеру бойынша қабылданған бірқатар шараларға қарамастан, білікті мамандар тапшылығы мәселесі бар. Қазіргі кезде 49 маман қажет, оның ішінде 33-і жоғары білімді маман.

Басқарма тарапынан салалық заңнамаларға сәйкес, халық арасында коммуникациялық байланыстар арқылы (Facebook, Instagram, сайт және т.б.), ветеринария саласына қатысты мәселелер бойынша тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отыр.

Жалпы, облыста эпизоотиялық жағдай тұрақты, өңірде ветеринария­лық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жүргізілетін іс-шаралардың халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға алатын орны өте зор, сол себепті тек ветеринариялық дәрігерлердің ғана емес, тікелей мал иелерінің жауапкершілігі деп санаймын.

Төрт түлікпен біте қайнасып өмір сүріп, күнделікті олардың етін, сүтін, тағы басқа шикізаттарын қажеттілігімізге пайдаланғандықтан, малдың кеселі өзіміздің денсаулығымызға да кесірін тигізуі мүмкін. Академик К.Скрябиннің «Медицина адамды емдейді, ал, ветеринария бүкіл адамзатты сақтайды» деген қанатты сөзінен кейінгі ветеринария саласына немқұрайлы қарауға болмайтын, өте жауапты сала екендігін атап өткім келеді.

Амандық ЖАКЕТАЕВ,
Қарағанды облыстық ветеринария басқармасының басшысы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button