Бас тақырыпЖаңалықтарСпорт

Василий Жиров Қазақстанға орала ма?

Вэл Баркер кубогының иегері, Жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстанға бокстан тұңғыш алтын жүлдені әперген даңқты жерлесіміз Василий Жиров Париж олимпиадасында Қазақстан боксшыларына көмектеспек.

Сурет: smi24.kz сайтынан

АҚШ-тың Аризона штатындағы Феникс қаласында өзінің жаттығу залын ашып, бапкерлікпен айналысып жүрген «Балқаш барысы» жақында Бусто-Арсицио қаласында (Италия) өткен жарысқа қазақ боксшыларына қолдау көрсетуге барып, Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинмен жұмыс мәселесін талқылаған.

– Италияда өткен Олимпиада ойындарының бірінші әлемдік лицензиялық турниріне Геннадий Головкин мен Қазақстан бокс федерациясы шақырды. Сол жерде Головкин екеуіміз әңгімелестік. Мен енді отандық боксшыларға көмектесемін. Геннадий жаңа жұмысын алып кететіне сенемін. Ал құрамаға қалай көмектеседі дегенге келсек, бапкер боламын. Яғни, ерлер және әйелдер құрамасына да бапкер ретінде өз үлесімді қосамын. Менің жаңа жұмысым осы болмақ, – деді Василий Жиров Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button