Волейболдан аудандық турнир өтті
Ақтоғайда аудан спортына ерекше еңбек сіңіріп, дамуына ықпал еткен белгілі спортшы, ұлағатты ұстаз, бірнеше мәрте облыс чемпионы атанған Ахат Қнашинді еске түсіруге арналған волейболдан аудандық ашық турнир өтті.

Турнирге әр өңірден 9 команда қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша “Үздік ойыншы” Азамат Барменов, “Үздік шабулшы” Асхат Усманов, “Үздік ойын ұйымдастырушысы” Айбек Мұқашев атанды.
Сонымен қатар, турнирдің жүлделі ІІІ орынымен Ақтоғай ауылының “Шатырша” командасы марапатталса, ІІ орынды “Жібек жолы” командасы еншіледі. Турнирдің жүлделі І орыны “Достар” командасының қанжығасына байланды. Саналы ғұмырын спорт саласының өсіп-өркендеуіне арнап, бұқаралық сипат алуына өзіндік үлесін қосқан Ахат Күлмағанбетұлы атындағы ашық турнирде жеңіске жеткен командалар мен үздік ойыншыларға ақшалай сыйлықтар табысталды.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.