Covid-19Ресми

«Вакцинация барлық өңірінде жүргізіледі»

Жоспар бойынша коронавирус инфекциясына қарсы екі кезеңді вакцинация жалғасуда. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан ҚИЯСОВ ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

 

Оның мәліметінше, 20 157 адам «Спутник -V» вакцинасының алғашқы дозасын қабылдады. 22 ақпаннан бастап екінші кезеңде 2 137 адамға екпе жасалды. Бір қуанарлығы, жағымсыз реакция тіркелген жоқ.

23 ақпаннан бастап Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірілген 93 мың доза вакцина өңірлерге жеткізіледі. Сонымен медицина қызметкерлерін вакцинациялау аяқталып, педагогтарға екпе салу науқаны басталады. Вакцинация еліміздің барлық өңірінде жүргізіледі. 786 егу пунктінің 170-і жұмылдырылды. Олардың барлығы қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген, – деді Ерлан Қиясов.

Айта кетейік, 9 мыңнан астам медицина қызметкері вакцинациялау бойынша оқудан өтті.

Басқа материалдар

Back to top button