Covid-19

Вакциналау мерзімі белгілі

Қазақстанда міндетті вакциналау мерзімі белгілі болды. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің бүгінгі күнгі қаулысына сәйкес қызмет көрсету саласының қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 10 тамызға дейін алуы керек. Ал, екінші компонентін 1 қыркүйектен кешіктірмеуі қажет.

Құжатқа сәйкес, тұрақты және уақытша медициналық кері көрсетілімі бар адамдар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-пен ауырғандар бұл қатарға кірмейді. Тұрақты және уақытша медициналық қарсы көрсетілімдерді растайтын анықтаманы учаскелік дәрігер, ол жоқ болған жағдайда фельдшер береді.

Сонымен қатар, қаулыда вакцина міндеттелген қызмет түрлерінің қызметкерлері аталған мерзімге дейін вакцина алмаса, жұмысқа жіберілмейтіндігі де айтылған. Вакциналауға жататын қандай қызмет салалары екендігі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 1 шілдедегі қаулысында көрсетілген болатын.

Мұның алдында ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев вакциналау мерзімі шынайы және асыра сілтеу болмауы керектігін тапсырған.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button