Жаңалықтар

Вакцина алғандарға тегін жолдама

Қарағанды техниклық университеті вакцина алған студенттерін осылай ынталандырды. Вакцина алғандарға спорттық-сауықтыру лагеріне тегін жолдама, ағылшын тілінің курсы, сондай-ақ, ЖОО ректорының стипендиясын тағайындау кезінде басымдықтар берілетін болады.

Бүгінгі таңда ЖОО-да студенттердің 22%-ы және қызметкерлер мен оқытушылардың 76%-ы коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алған.

Акция жариялай отырып, біз студенттерге басты назар аударамыз. Бұл күзгі семестрде ағылшын тілін үйрену бойынша тегін курстар. Барлығы 30 оқушыны қамтуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, жыл сайын университет ректорының стипендиялары тағайындалады. Биылғы жылы вакцинацияланғандарға басымдық беріледі. Сондай-ақ, «Политехник» спорттық-сауықтыру лагеріне бір аптаға тегін жолдамалар ойнатылады. Келесі жылдың жазында баруға болады. Жолдамалар студенттер, қызметкерлер мен оқытушылар арасында ойнатылады. Вакцинаны 10 тамызға дейін алғандардың барлығы қатыса алады. Ұтыс ойыны қыркүйек айының басында өтеді, – деп түсіндіреді тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Мирас Құттыбай.

Қарағанды облысының әкімдігі.

Басқа материалдар

Back to top button