Вайнер Төребаев пен Шерниязовқа қатысты сот үкімі шықты
Алматы соты вайнер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты сот үкімін шығарды. Екеуі сот үкімімен бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ortalyq.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Алайда, үкім әлі заңды күшіне енбеген. Сонымен қатар, екі блогерден басқа сотталушылардың барлығы Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша кінәлі деп танылды.
Біріншісі, ҚР Қылмыстық Кодекстің 217-бап, яғни Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету бабы бойынша және екіншісі, 262-бап, ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу бабы бойынша кінәлі деп танылған. Соған сәйкес, сот үкімімен күдіктілерге бас бостандығынан айырудың түрлі мерзімдері тағайындалды.
– Мейіржан Төребаевқа ең төменгі қауіпсіздік колониясында бес жыл бас бостандығынан айыру тағайындалсын. Мейірхан Шерниязовқа ең төменгі қауіпсіздік колониясында бес жылға бас бостандығынан айырылсын, – делінген сот үкімінде.
Сонымен қатар, Mudarabah Capital басшысы Руслан Бурханов 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазасын қауіпсіздігі ең төмен колонияда өтейді. Сондай-ақ Mudarabah Capital негізін қалаушы Андрей Ча да бес жылға бас бостандығынан айырылды.