Жаңалықтар

Қуыршақ театры халықаралық сахнада мойындалды

С. Сейфуллин атындағы Қарағанды академиялық қазақ драма театрының ұжымы Алматыда өткен III Almaty Puppet Festival фестивалінде көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Италия мен Испания сынды елдердің үздік театрларымен бірге өнер көрсеткен қарағандылық әртістер аймақ мәдениетінің деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді, деп хабарлайды Ortalyq.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Суреттер Алматы қалалық мемлекеттік қуыршақ театрынан

Фестиваль барысында әр театр өздерінің үздік қойылымдарын сахналап, шеберлік сабақтары мен шығармашылық кездесулерге белсенді қатысты.Қарағандылық әртістер көрерменге «Қаршақыз және жеті ергежейлі» қойылымын ұсынып “Үздік суретші” номинациясында жеңімпаз атанды.

– Бұл – түрлі елдерден келген әріптестермен нағыз шығармашылық тоғысу болды. Фестивальдің атмосферасы ерекше жылы әрі шабытқа толы. Біздің қойылымды көрермендер үлкен сүйіспеншілікпен қабылдады. Мұндай ауқымды шараға қатысу – Қарағанды өңірінде талантты, кез келген жастағы көрерменді таңғалдыруға қабілетті әртістердің бар екенін көрсетуге тамаша мүмкіндік, – дейді труппа жетекшісі Динара Аманова.


Қарағанды қуыршақ театры – аймақтағы ең жас театр ұжымы. Құрамында сегіз әртіс бар, олардың барлығы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлектері. Үш жылдың ішінде труппа сегіз спектакль көрсетті және өнердегі ізденістерін жалғастыруда.

Жамал АКПАРОВА

Басқа материалдар

Back to top button