Ресми

«ŪSTANYM’23» өңірлік жастар форумы өтуде

Е. Бөкетов атындағы КарУ-дың Студенттер сарайында Қарағанды облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының бастамасымен, облыс әкімінің орынбасары Ерлан Құсайынның қатысуымен мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласында жылдық қорытындыларын шығарып, аталған бағыттағы бірқатар өзекті мәселелер бойынша одан әрі жұмыс жоспарларын әзірлеу мақсатында «ŪSTANYM’23» өңірлік жастар форумының ашылу салтанаты өтуде.

Сурет: Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасынан

Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, республикалық жастар ұйымдарының жетекшілері, облысымыздың барлық қала мен аудандарының белсенді жастарынан құралған делегациялар қатысуда.

Бағдарлама аясында «Мемлекеттік жастар саясаты саласын институционалдық дамыту», «Креативті индустрия мен кәсіпкерлікті дамыту: жастардың рөлі мен үлесі», «Қазақстандық жастардың құндылық бағдарларын трансформациялау: жергілікті және жаһандық трендтердің әсері» бағыттар бойынша форсайт-сессиялар өтпек.

Сондай-ақ бағдарламада – тақырыптық пікір алмасу алаңдары, танымдық дәрістер, жастарды марапаттау рәсімі, облыс әкімінің жастар кәсіпкерлігін дамытуға гранттарын тапсыру, өңірдің жас кәсіпкерлерінің іске асырылған бизнес-жобаларының көрмесі, өңір мен республиканың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама өтеді. Кештің хедлайнері Дастан Оразбеков.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button