АймақБұқар жырау

Қушоқыда денсаулық-сауықтыру кешені бой көтереді

Бұқар жырау ауданының Қушоқы кентінде биыл 100 орынға арналған Денешынықтыру-сауықтыру кешені бой көтереді.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Жобалық-сметалық құны 1100,7 миллион теңге болатын бұл кешен құрылысын 2025 жылдың жазынан бастап мердігер ұйым “Каздорстройтех” ЖШС құрылысшылары жүргізуде.

Осы жұмыстарды атқару үшін өткен жылы республикалық бюджеттен бөлінген 330 миллион теңге игеріліп, қазірде аталған нысанның іргетасы қаланып, су мен кәріз жүйелері, қуатты кабельдері тартылып, енді металл конструкциялары монтаждалып жатыр.

– Биыл бұл нысанның құрылысын одан әрі жалғастыру үшін тағы да 780,7 миллион теңге қажет, – дейді осы жұмыстарға тапсырыс беруші “Бұқар жырау ауданының құрылыс бөлімі” мемлекеттік мекемесінің басшысы Әлішер Жаржанов. – Егер осы тиісті қаржы бөлінсе, кешен құрылысы да уақытында аяқталып, оның игілігін қушоқылықтар көреді.

Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Back to top button