Жаңалықтар

Университетте оқу ақысы қымбаттайды, ал шәкіртақы екі есеге өседі

2025 жылдан бастап қазақстандық ЖОО-да оқу ақысы қымбаттауы мүмкін. Одан түскен қаражат оқытушылардың жалақысы мен шәкіртақысын өсіруге жұмсалады.

Сурет: www.silunews.kg

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2025 жылдан бастап университетте оқу ақысы өсетінін мәлімдеді. Сәйкесінше оқу орындарында грант құны артады.

«Біз университеттерден жыл сайын оқу құнын көтермеуін сұраймыз, бірақ нарықтағы бағаның, инфляцияның өзгеруіне байланысты ол да өзгеріске ұшырайды. ЖОО-ның академиялық және басқарушылық еркіндігі бар, олардың өздері белгілі бір шешімдер қабылдауға құқылы»,-деді Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Елімізде барлығы 600 мың студент бар, оның 60%-ы ақылы бөлімде оқиды.

Басқа материалдар

Back to top button