Жаңалықтар

Университет – Әлихан атында

Семей қаласындағы Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетіне Алаш көсемі, жерлесіміз Әлихан БӨКЕЙХАННЫҢ есімі берілді. Оқу ордасы енді «Alikhan Bokeikhan University» деп аталады. Осы игі шараға орай оқу ордасының алдына Әлекеңнің бюсті орнатылды.

– Замана ағысында ұлт көшбасшысы болған тұлға есімінің университетімізге берілуінің тарихи негізі бар. Бұл сонымен қатар, университет құрылтайшылары мен білім алушыларының ел мен Семей қаласы тарихына және ұлттық мүддені ту етіп көтерген Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш қозғалысы қайраткерлерінің тарихи қызметіне көрсеткен құрмет, – деді Әлихан Бөкейхан университетінің жаңа тағайындалған ректоры, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Шынар Құрманбаева.

Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button