Басты тақырыпСпорт

Универсиада – 2017: Қарағанды қалыс қалмайды

         Алматыда өтетін Қысқы Универсиаданың басталуына 12 күн қалды. Осы жылдың спорт саласындағы ең ауқымды жобасы – бұл. Іс-шараға әлемнің 55-тен астам елінен екі мың спортшы жиналады. Осыған орай, 28 қаңтарда «Универсиада-2017-нің бөлшегі бол!» акциясы өткізіледі.

 

Мұндай бастаманы «екaraganda.kz» сайты көтеріп отыр. Игілікті іске қолдау көрсетушілер – облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Шахтер» стадионы және Қарағандының Орталық саябағы.

Акция 28 қаңтар күні сағат 12.00-де басталады. Жоспар бойынша, бір уақытта «Шахтер» стадионы мен Қарағандының Орталық саябағында мұзда сырғанау басталады.

Бұқаралық сипаттағы іс-шараға қатысуға ниеттілер мұзда сырғанауға қажетті жабдықтарын өздерімен бірге ала келуі тиіс. Бұл туралы акцияны ұйымдастырушылар мәлімдеп отыр.

Сондай-ақ, белсенді өнер көрсеткендерге сертификаттар табыс етіледі.

– Біз қала тұрғындарын акцияға қатысуға шақырамыз. Орталық саябақта бір шақырымдық сырғанақ алаңы ашылады. Онда шаңғы тебуге болады. Ал, конькимен сырғанауға ниеттілерді «Шахтер» стадионында күтеміз, – дейді «екaraganda.kz» порталының басшысы Сергей Забурдяев.

Облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Наталья Сухорукова да алдағы акция туралы өз ойын білдірді.

– Бұл акция қарағандылықтардың белсенділігін, спортқа деген сүйіспеншілігін және Универсиада қарсаңындағы көңіл-күйін көрсетеді. Біз қарағандылықтарды осынау іс-шараға белсенді түрде қатысуға шақырамыз. Спортты серік еткен жандар үшін өз өнерлерін ортаға салудың нағыз қолайлы сәтінің бірі – осы акция, – дейді Наталья Сухорукова.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button