Ресми

Әуежай мен вокзалдарда Ashyq қосымшасы іске қосылды

Қарағандыда Ashyq қосымшасы арқылы әуежай мен теміржол вокзалы жұмыс істей бастады. Ғимараттардың ішіне жүйеде «жасыл» немесе «көк» мәртебесі бар жолаушылар мен шығарып салушылар кіре алады. «Сары» және «қызыл» мәртебелер болған жағдайда саяхатты доғаруға және билеттер үшін ақшаны қайтаруға тура келеді.

Ashyq адамдар көп жиналатын әртүрлі нысандарда белсенді түрде енгізілуде. Қарағанды теміржол вокзалына тәулік сайын мыңдаған адам келеді. Күніне перроннан 30-ға дейін пойыз жөнелтіледі.

– Көп адамдар жөнелтуден бірнеше сағат бұрын келіп, күту залында отырады. Енді біз жолаушының қандай мәртебеге ие екенін, оның байланыспайтынын және жұқтырмайтынын білеміз. Бұл біздің қызметкерлерімізді де қорғайды, – деп есептейді вокзал бастығының кезекші көмекшісі Бақыт Игібаева.

Облыстық Кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Азамат Даненбаевтың пікірінше, Ashyq қосымшасы коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу тәсілі ретінде өз пайдасын көрсетті. Жүйені Нұр-Сұлтан және Алматы әуежайлары, елорданың және еліміздің басқа қалаларының вокзалдары пайдаланады.

Басқа материалдар

Back to top button