Әуежай мен вокзалда электрондық құжат көрсетуге рұқсат етілуі мүмкін
Көлік министрлігі Қазақстан әуежайларында цифрлық төлқұжаттар мен жеке куәліктерді ресми құжат ретінде белгілейтін бұйрық жобасын дайындады.
Қағидалар нормасын “Ақпараттандыру туралы” Заңның 1-бабы 55-4-тармақшасына сәйкес келтіру мақсатында министрлік “жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне баратын адамдарды, олардың жанындағы заттарды, оның ішінде қол жүгі мен багажды тексеріп қарауды жүргізу қағидалары мен талаптарын бекіту туралы” бұйрыққа толықтыру енгізуді жоспарлап отыр.
– Бұйрық жобасын қабылдау көлік инфрақұрылымы объектілеріне баратын жолаушыларға жеке басын анықтаған кезде цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты көрсетуге мүмкіндік береді, – делінген құжат жобасында.
Бұйрық жобасы 11 қарашаға дейін «Ашық НҚА» ресурсында қоғам талқысына шығарылған.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА