Руханият

Әуенді кештің әсері

Домбыра күні қарсаңында облыстық бейнелеу өнері музейінде «Күмбірле, қоңыр домбыра!» атты тағылымды шара өтті. Шарада «Думан сазы» фольклорлық ансамблі өнер көрсетті. Сонымен қатар, көрерменге домбыраның тарихы мен құрылымы туралы дәріс оқылды.

Сурет ұйымдастырушылардан

– Біз жыл сайын Ұлттық домбыра күніне орай түрлі іс-шаралар өткіземіз. Екінші жыл қатарынан арт-импровизацияны ұйымдас­тырып отырмыз. Біз, әрине, қайталанбайтын жаңа әрі қызықты шараларды жасауға тырысамыз. Бүгінгі арт-импровизация бірден екі шеберлік сабағын қамтыды. Көрерменге күй тарихы мен домбыраның құрылымы түсіндірілді. Мұндай шара музей қонақтары үшін өте қызықты деп ойлаймын, – деді музейдің ғылыми қызметкері, арт-импровизация кураторы Айгүл Омарова.

Шеберлік сабағының бірінде домбыра сыныбы бойынша педагог, №1 Балалар музыка мектебінің «Думан сазы» балалар фольклорлық ансамблінің жетекшісі Ернат Ұзалин өзінің фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен домбыраның тарихы, оның құрамдас бөліктері және күйлер төңірегіндегі аңыздарды айтып берді.

Музейдің бөлім меңгерушісі Елена Кондратьева жас көрермендерге түрлі көркем материалдармен домбыра салудың қыр-сырын үйретті.

Ерік НАРЫН,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button