Ресми

Әуеден бақыланады

Облыс аумағындағы су тасқыны қаупі бар 174 елді мекен ерекше назарға алынып, әуеден бақылау жүргізілуде. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Ақылбек АХМЕТЖАНОВ Қарағанды, Теміртау қалалары мен Бұқар жырау ауданындағы бірқатар қауіпті мекендерді аралап қайтты.

Ұшу барысында Самарқанд жә­не Федоров су қоймаларына, Со­қыр өзенінің арнасына, Чкалово, Салонички, Рабочий, Ғ.Мұстафин атындағы елді мекендердің қор­ғаныш біліктерінің жай-күйіне аэ­ровизуалды тексеру жүргізілді. Қорытындысында, белсенді еру про­цестері байқалмағаны, өзен арнала­рында мұз қатқаны анықталды.

 – Облыстың барлық өңірлерінде қар шығару, материалдық-техникалық құралдар қорын құру, тасқын қаупі бар елді мекендер мен автомобиль және темір жол учаскелерінің дайындығын тек­серу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Облыста су тасқыны қаупі туындағанда басшылыққа алатын басқару органдарының ісқимыл алгоритмі әзірленді. Халық үшін арнайы ұсынымдар әзірленді. Су тасқынына дайындық мәселесі күнделікті бақылауда, – деп хабар­лады Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Back to top button