Әуе қорғанысы күштері сарбаздарының күнделікті өмірі қарқынды жауынгерлік дайындыққа, ұшу мен және басқа да жаттығуларға толы. Жеке құрамды белсенді даярлаудың арқасында қазақстандық авиация мамандары мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің шеберлігі үнемі өсіп келеді.
Әскери-әуе күштерінің авиациялық флоты алдыңғы қатардағы, армиялық және әскери-көліктік авиацияның заманауи ұшақтарымен, ұшқышсыз ұшу жүйелерімен қамтылған.
Ал, әуе қорғанысы күштерінің құрамы зениттік зымырандық кешенмен және радиолокациялық станциялармен жабдықталған. Оған биіктік пен жылдамдықтың барлық диапазонында қазіргі заманғы әуе шабуылы қаруларын барлау және жою мүмкіндігі бар зениттік-зымырандық және радиотехникалық әскерлер кіреді.
Әскери ұшқыштар мен инженерлік құрам Ақтөбедегі Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтында дайындалады.
Сондай-ақ, Алматыдағы радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты әуе қорғанысы күштері үшін мамандар дайындайды. Бүгінгі таңда Әуе қорғанысы күштері – Қарулы Күштердің заманауи қару-жарақпен жарақтандырылған және даярланған мамандармен жасақталған, жауынгерлік кезекшілік кезінде, практикалық оқу-жаттығулар мен оқу-жаттығуларда үнемі өзінің жоғары шеберлігін дәлелдейтін ең жоғары технологиялы саласы.
Думан ЖҰМАШҰЛЫ,
Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы