Бас тақырып

Қуатты Қарағанды – құрылыста көшбасшы

Заманауи үлгімен салынған құрылыс кешендері аймақтың айбынын асырып, сән-салтанатын арттырып, өңірдің өсіп-өркендеуіне жаңаша серпін берді. Жарты жылда «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде тұрғын үй құрылысы өткен жылмен салыстырғанда 12,2%-ға өскен.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылыс саласында ұлттық жобалар іске асып жатыр. Бүгінгі күнге барлық қаржыландыру есебінен облыс аумағында 232,644 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, 1,5 мың пәтер пайдалануға берілген.

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының мәліметінше, жалпы пайдалануға берілген тұрғын үйдің – 17%-ы – жеке тұрғын үй, 82%-ы – ко­ммерциялық баспана, 1%-ы – мемлекеттік секторға тиесілі.

Соңғы жылдары аймақта тұрғын үй құрылысы ерекше қарқын алып, халықты баспанамен қамту көрсеткіші еселеп артып келеді. Бұл аймаққа тартылған қомақты инвестиция көлемінен анық байқалады. Облыс бойынша нақты тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестиция көлемі 26 млрд. теңгені құрады. Оның 70%-ы, яғни, 18 млрд. теңгесі – Қарағанды қаласына тиесілі.

Кейінгі жылдары Қарағанды облысы – тұрғын үй құрылысы жөнінде көшбасшы өңірлер қатарында. Серіктес қалалардағы құрылыс сол өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының тынысын аша түсті. Атап айтқанда, Шахтинск қаласындағы жалпы ауданы 4,659 шаршы метр болатын жалдамалы 60 пәтерлі, Абай қаласында жалпы ауданы 5,3 мың шаршы метрді құрайтын 80 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.

Жыл соңына дейін аймақта 400 шаршы метр тұрғын үй беріледі деп жоспарлануда.

Аймақта тұрғын үй құрылысы мен инженерлік-коммуникацияға, инфра­құры­­­лымға мемлекеттен 12,4 млрд. теңге қарас­тырылған.

Ақтоғай, Қарқаралы, Осакаров аудандарында тұрғын үй құрылысын жүргізуге облыстық бюджет есебінен 2,7 млрд. теңге бөлінді.

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің басым бағыты осал топ өкілдеріне қатысты. Биылдан бастап, аталмыш топ өкілдерін жалдамалы тұрғын үймен қамтамасыз етуде 3,3 млрд.теңге қаражат бөлінді. Балқаш қаласы, Абай, Нұра, Шет аудандарында 70 пәтер сатып алынды. Жал­пы 346 пәтер сатып алу жоспарлануда.

Сонымен қатар, «Отбасы банк» са­лым­шылары облигациялық қарыздар есе­бінен кредиттік тұрғын үй құрылысы бойынша 8 жобаны іске асыруға 4,7 млрд. теңге бөлінді. Нақты айтқанда, Балқаш қаласында екі үйде, Абай ауданында бір үйде және Қарағанды қаласында бес жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр.

Көпқабатты тұрғын үй мен жеке тұр­ғын үйлердің инженерлік-коммуникация­лық инфрақұрылым жүргізу мақсатында 15 жобаға 1,7 млрд. теңге бөлінді.

Жыл соңына дейін мемлекеттік қаражат есебінен кезекте тұрғандар қатарынан шамамен 486 отбасын, оның ішінде, 199 көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Құрылыс саласында әлеуметтік маңызы бар объектілерді қамту міндеті тұр. Биыл аймақта 57 нысанның құрылысы жүргізілуде. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында үш мәдениет және жеті спорт нысанында құрылыс жұмыстары қолға алынған.

Биыл пайдалануға берілген ауқымды құрылыс нысанының бірі – қала басындағы 200 төсектік облыстық көпбейінді балалар ауруханасы.

Сонымен бірге, жыл соңына дейін Бұқар жырау ауданы Новостройка ауы­лындағы мектепті, Саран қаласындағы №4 ЖББМ спортзалын, Ботақара кенті мен Ақтоғай ауылындағы ветеринария­лық пункт құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Сағыныш ӘБІЛ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button