Жаңалықтар

Қуанышпен көмкерілген күн

Референдумның өкілетті комиссияларының дерегіне қарағанда, Жезқазғандағы 33 референдум учаскесінде сағат 12.00-ге дейін тізімге тіркелген азаматтардың жартысынан астамы (51,62%) дауыс беру бюллетенін алды.

– Жезқазғандықтар белсенділік танытып жатыр. Қалаішілік автобустар оларға тегін қызмет көрсетуде. Жаңа ғана қалалық орталық перзетханадан телефон шалып, бүгін 5 сәби жарық дүниеге келгені туралы қуанышты хабарды жеткізді. Біз бұл жағымды жаңалықты жақсылыққа жорып отырмыз, – дейді қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мереке Мырзабекова.
Әлібек ӘБДІРАШ.
ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button