Қуандық Бишімбаевты күзетпен ұстау 2 айға ұзартылды
Астана қалалық соты бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевты 9 қаңтардан 9 наурызға дейін күзетпен ұстау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ortalyq.kz Kazinform сайтына сілтеме жасап.

– 2024 жылғы 9 қаңтарда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотымен күдікті Қуандық Бишімбаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 9 наурызға дейін ұзарту санкцияланды, – деп жауап берді соттан Kazinform агенттігі жолдаған сауалға.
Сондай-ақ, елорда соты өзге мәліметтерді Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға болмайтынын ескертті.
Еске салайық, биылғы 9 қарашада Астанадағы Бау мейрамханасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жықты. Әйел жедел жәрдем келгенше көз жұмды.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА