Қуандық Бишімбаевтың адвокаты істі прокурорға қайтаруды сұрады
Экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевқа қатысты істі прокурордың қайта қарауына жіберу сұралды.
– Құрметті сот Қ.Бишімбаевтың құқығы мен бостандығын қорғау мақсатында тағылған айыптар негізінде және алдын ала тыңдау сатысында қылмыстық істің материалдарындағы Қылмыстық-процестік кодекске қайшы тұстарын жоюға, прокурорға қайтаруды сұраймын. Сондай-ақ, соттың негізгі сот ісін ұйымдастыруға және оның шегін анықтауға құқығы жоқ. Осы орайда ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы және 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша қорғаушыны қылмыстық қудалауды тоқтатуды сұраймын, – деді адвокат Назкен Құсайынова.
Сонымен қатар, Қ.Бишімбаевтың қорғаушысы экс-шенеунік әйелін «аса қатыгездікпен өлтірді» деген айыптаумен келіспейтінін айтты.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА