Жаңалықтар

Қуандық Бишімбаевқа тағы бір бап бойынша айып тағылып отыр

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев тағы бір бап бойынша айыпталып жатыр, - деп хабарлайды ortalyq.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: Tengrinews.kz

Бұған дейін бұрынғы министрге қатысты іс “Аса қатігездікпен кісі өлтіру” бабы бойынша тергелген еді.

Енді Бишімбаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2- тармағы, яғни “Азаптау” бойынша қосымша айып тағылып отыр. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ал Нүкенова көз жұмған Гастро-орталықтың директорына қатысты тергеу аяқталды. Ол “Қылмысты жасырып қалу” бабы бойынша істі болып отыр.

Қазір тараптар материалдың мазмұнымен танысуды бастап кетті.

Еске салайық, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел алған жарақатынан көз жұмған.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button