Жаңалықтар

UAE SWAT Challenge 2026 жеңімпазы теміртаулық оқушылармен кездесті

UAE SWAT Challenge 2026 халықаралық жарысының жеңімпазы, 5451 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Жанғали Ердаулет Юрий Павлов атындағы мектептің 10–11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Сурет ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі

Кездесу барысында ол жарыс кезеңдері, дайындық барысы және халықаралық аренадағы бәсекелестік туралы айтып берді. Әскери қызметші кәсіби шеберлікке жету үшін тәртіп, төзімділік және үздіксіз жаттығудың маңызы зор екенін атап өтті.

Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, арнайы бөлімшенің дайындығы мен жарыстың ерекшеліктері жөнінде мағлұмат алды. Кездесу еркін форматта өтіп, жастарға үлкен мотивация сыйлады.

Айта кетейік, 5451 әскери бөлімі Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы құрамына кіреді және ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды міндеттер атқарады. Жанғали Ердаулеттің жеңісі – бүкіл Қазақстан үшін зор мақтаныш.

ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Back to top button