Ресми

Уақытты тиімді пайдалануға зор мүмкіндік

Бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөнінде №872 Жарлыққа қол қойды. Сонымен қатар, бұл Жарлық қол қойылған күннен бастап, күшіне енгізілетінін хабарлады. Бұл дегеніміз бюрократиядан арылтудың басты қағидасы форма мәні басымдығын бастапқы қалпы бойынша цифрландыра отырып, басқарушының жауапкершілігін арттыру, регламенттеу оңтайлығын айқындап отыр. 

Жарлықта қолданбалы шараларды жүйелей отырып, оның жүзеге асырылуын мемлекеттік аппаратта шешімдер қабылдауды жылдамдататын болады. Бірінші басшылардың жауапкершлігімен дербес жұмыс атқаруын арттырып, құжат айналымының уақытын қысқартумен қатар есеп беруді азайтады. Яғни, жүктелген міндеттерді нормативтік құқықтық актіні өздері қабылдауға мүмкіндік беріледі деген сөз.

Сонымен бірге, бюджет үдерістерінің мерзімін еке есеге қысқартып, реижиниринг негізінде норма қалыптасады. Ведмоствалық есеп беруді автоматтандыру ақпараттық жүйедегі мәліметтерді мемлекеттік органдар сұраныс салуға үзілді кесілді тыйым салынады. Қағаз құжаттарға бұрыштама жазып, қол қою түгелімен жойылады. Қашықтықтан жұмыс істеуге барынша мүмкіндіктер жасалынбақ. Мемлекеттік басқарудың барлық саласын цифрлық трансформациялау және реинжинирингтеу арқылы бюракратиядан арылады. Осы арқылы мемлекет басшысының саяси және экономикалық оң өзгертулерін мемлекеттік аппарат тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Меруеш БАШАЙҚЫЗЫ,

Қарағанды облысы қоғамдық кеңестің мүшесі,

ҚР Мәдениет Қайраткері.

Басқа материалдар

Back to top button