Бас тақырып

Уақытпен үндес қадам

Қадірменді оқырман!

Еңбеккер аймағымыздың тыныс-тіршілігін тамыршыдай тап басқан, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын дес­телі дәстүрімен айқындап баяндайтын Арқаның басты ақпарат құралдарының бірі – өзіміздің «Орталық». Иә, бүгінде толассыз жаңалық ағынының бел ортасында жүріп-ақ, қоғамдық өмірдегі маңыз­ды оқиғалардан ұдайы хабардар бола білу де – әр азаматқа бір талап. Әлбетте, шежірелі Шет ауданының әкімі ретінде, осы басылымның әр санын мұқият қадағалап оқып, ауданымыздың дамуына қатысты мәселелер мен жаңалықтарды қалт жібермеймін.

Сурет автордікі

Әл-әзір «Ortalyq Qazaqstan» газетіне жазылу бұрынғыдан да ыңғайлы болып шықты. Бек қуаныштымыз! Банк қосымшасының көмегімен QR-кодты телефонның ақзер экранынан зыр еткізіп, сіз жылдам әрі қауіпсіз түрде жазыла аласыз. Тың тәсіл – уақытыңызды үнемдейтін, ақпаратқа лезде қол жеткізетін тамаша мүмкіндік.

Ауданымыздың әрбір тұрғынына осы игілікті пайдаланып, газеттің оқырманы болуға кеңес беремін. Осы қадамымыз біртұтас қоғамымыздың ортақ мәселелеріне үн қосып, өңір өміріне бей-жай қарамайтын белсенді азаматқа айналуымызға игі ықпал етеді.

«Ortalyq Qazaqstan» газеті Сіздің сенімді серігіңіз болсын!

Мұхит МҰХТАРОВ,
Шет ауданының әкімі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button