Жаңалықтар

Уақыт белдеуін ауыстыруға қарсы петиция: алдын ала шешім жарияланды

Бұрын қолданыста болған сағат белдеуін қайтару туралы петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының отырысында алдын ала шешім қабылданды, – деп хабарлайды ortalyq.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: www.caravan.kz

Жұмыс тобының төрағасы, сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаевтың айтуынша, өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы алдын ала шешім қабылданған.

– Сіздер берген петицияны қарастырып жатырмыз. Соңғы бір жарым айдағы уақыт белдеуін ауыстыру электр энергиясын тұтынуға және халықтың денсаулығына әсер етті деген барлық дәлел расталмады. Денсаулық сақтау министрлігі статистикалық деректермен жұмыс істеп жатқанын айтты және статистика республикалық маңызы бар 12 облыста және үш қалада сағат белдеуін ауыстыру халықтың әл-ауқатына әсер еткенін растамады, – деді Балықбаев.

Оның айтуынша, уақыт белдеуін ауыстыру кезінде халықаралық зерттеулерге талдау жасалған.

– Біз өтініш берушілердің дәлелдерін қарастырған барлық кезеңде олар дәлелін таппады. Сондықтан мен сауда және интеграция министрлігінің алдын ала шешімін айтамын. Ол мынадай: “петицияны қанағаттандырудан бас тарту”, – деп қосты вице-министр.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button