Жаңалықтар

Уәкіл қызметі-реформа кілті

Ел Президентінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында қарастырылған бірінші реформа – кәсіби мемлекеттік аппарат құруды жүзеге асыру бойынша «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 2016 жылғы жаңа редакциясында қызметтік этикаға жеке тарау арналды. Сондай-ақ, Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі жаңа форматта бекітілді. Бұл құжат мемлекеттік қызметтің құндылықтары мен қағидаларын айқындайды. Сонымен қатар, қызметтегі және тұрмыстағы мінез-құлық стандарттарын реттейді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереженің 2-тармағына сәйкес, Әдеп жөніндегі уәкілдің дербес лауазымы аумақтық бөлімшелері немесе ведомстволарының аумақтық бөлімшелері, шет елдегі мекемелері бар орталық мемлекеттік органдарда (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қоспағанда), сондай-ақ, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және Астана әкімдерінің аппараттарында енгізілді.

Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары басшылық қызмет атқаратын, сондай-ақ, ұжымда қадірлі және құрметке ие болған мемлекеттік қызметшіге жүктеледі.

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің міндеттері жүктелетін тұлға қызметкерлердің арасында анонимді түрде сауалнама жүргізу арқылы анықталып, осы жауапты қызметке департамент басшысының орынбасары Жанат Қабышұлы Қабышев тағайындалды.

Уәкілдің бастамасымен осы уақыт аралығында түрлі жұмыстар атқарылды. Жұмысқа жаңадан қабылданған, бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істеп, конкурс арқылы лауазымға тағайындалған тұлғалармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, департаменттің бөлімдерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, Әдеп кодекстерінің нормаларын түсіндіру жөнінде кездесулер ұйымдастырылды.

8-10 тамыз аралығында ҚР Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Төлеген Ташмағамбетов жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді. Жұмыс сапарының алғашқы күні Төлеген Ташмағамбетов ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы А.Каукетаев және Әдеп жөніндегі уәкіл Ж.Қабышевпен кездесіп, әңгімелесті. Сол күні Төлеген Ташмағамбетов Қарағандыдағы «Достық үйінде» департамент қызметкерлерімен Әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері жөнінде жиын өткізді. Бұдан кейін департамент қызметкерлерін жеке қабылдады.

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Жанат Қабышев жеке және заңды тұлғаларды аптаның әр сәрсенбісі, сағат 16.00-17.00 аралығында Қарағанды қ., Ленин көшесі, 12 үй мекен-жайы бойынша қабылдайды. Сондай-ақ, 8 (7212) 41-24-41 жұмыс, 87015242049 ұялы телефоны арқылы хабарласуға болады.

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button