Коронавирус

ТЖ режимін бұзғанға қандай жауапкершілік бар?

Президенттің Жарлығымен еліміздің барлық аумағында 2020 жылдың 16 наурызынан 15 сәуіріне дейін төтенше жағдай режимі енгізілді. Бүгін Мемлекет басшысы төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін жазаны күшейтуді талап етті . Алдын алу шаралары күшейтіліп, барлық бұзушылық фактілері бойынша қатаң жазалау шаралары қабылданатын болады. Бұл туралы Қарағанды облысының прокуратурасы хабарлады.

ТЖ режимін бұзу 10 АЕК дейін айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамау түрінде әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады (әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы ).

ТЖ жағдайында құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс – әрекеттер үшін (ӘҚБтК 478– бабы ) – 40 АЕК дейін айыппұл немесе 30 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған.

Санитариялық нормалар мен ережелерді бұзу (ӘҚБтК– нің 425-бабы) қызметін тоқтата тұрумен 2 мың АЕК-ке дейін , ал бақылаушы органдардың талаптары мен актілерін орындамағаны үшін (ӘҚБтК- нің 462-бабы) қызметін тоқтата тұрумен 500 АЕК-ке дейін айыппұл салуға әкеп соғады.

Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді абайсызда адамдардың жаппай сырқаттануына, ауру жұқтыруына, немесе өліміне әкеп соққан бұзу – он жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады (Қылмыстық кодексінің 304-бабы).

ТЖ жарияланған жерде жасалған қылмыстар үшін жауапкершілік шаралары Қылмыстық кодекстің 14 бабында тікелей жазылған.

Олардың ішінде көрінеу жалған ақпарат тарату (ҚК – нің 274- бабының 4-бөлігі- 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру), Билік өкіліне бағынбау (ҚК- нің 379-бабы- 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру), Олардың ішінде билік өкіліне қатысты күш қолдану( ҚК-нің 380-бабының 3-бөлігі-7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру– , құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қол сұғу (ҚК-нің 380 – бабының 2-бөлігі-15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру не мүлкі тәркіленіп өмір бойы бас бостандығынан айыру), ТЖ жағдайында ұйымның жұмысына кедергі жасау (ҚК 401-бабы- 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру), сондай-ақ бірқатар әскери қылмыстар.

Бұл кезеңде өзге де қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау әкімшілік жауаптылық пен қылмыстық жазаны ауырлататын мән-жай болып табылады (ҚК-нің 54-бабы , ӘҚБтК-нің 57-бабы ).

Сондықтан Қарағанды облысының прокуратурасы құқықтық тәртіпті сақтауға, уәкілетті органдардың талаптарын, белгіленген тыйым салу және шектеу шараларын орындауға, жалған хабарламаларға ден қоймауға және тек ресми ақпарат көздерін басшылыққа алуға шақырады.

Басқа материалдар

Back to top button