Жаңалықтар

ТЖ режимі кезінде еріктілер не істеуде?

2020 жылдың 2-9 сәуір аралығында «Nur Otan» партиясының қолдауымен облыстың волонтерлері, кәсіпкерлері көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, жалғыз өмір сүретін қарт адамдарға, кемтар жандар мен басқа да көмекке аса мұқтаж адамдарға көмек көрсету бойынша 105 акция өткізді.

Барлығы – 2869 отбасы немесе 10049 адам қамтылды.

Барлық мұқтаж жанға жалпы сомасы 5 млн. теңгеге (4971,2 мың теңге) азық-түлік себеті (макарон және бакалея өнімдері, жемістер, көкөністер, жармалар, ұн, ет, өсімдік майы және т.б.)  таратылды.

Облыс бойынша барлығы 13 тонна азық-түлік, санитарлық-гигиеналық және тұрмыстық заттар үлестірілді.

Сонымен қатар, еріктілер мен жеке тұлғалар, кәсіпорындар 9575 дана көпреттік бетперде тігу және халыққа тарату жұмысын ұйымдастырды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Басқа материалдар

Back to top button