Ресми

Тыйым салынған көлік нөмірлерінің саны өзгереді

ІІМ тыйым салынған нөмірлер тізіміне енгізілген, бірақ, соған қарамастан кейбір көліктер әлі де тағып жүрген мемлекеттік тіркеу белгілеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ortalyq.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: lada.kz сайтынан

Кей әріп тіркестері сөйлеу мәдениетінің ережелеріне жат және жасырын немесе әдепсіз мағанада қолданылуы мүмкін екенін ескере отырып, олардың айналымға шығуы шектелген, деп түсіндірді полицейлер.

– Мұндай шешім мәдениет саласындағы уәкілетті органның қорытындысы негізінде де, жеке талдау, әлеуметтік желілерге мониторинг және айналымға шығып кеткен нөмірлер бойынша азаматтардың мәлімдемелері негізінде де қабылданады, – делінген ІІМ-нің хабарламасында.

Сонымен қатар, Қазақстан жолдарында әлі де осындай нөмірлері бар көліктер бар. Министрлік мәліметінше, көлік нөмірі осы серияға шектеу енгізілгенге дейін берілген болса, ол тәркіленбейді.

– Мүмкін комбинациялардың айтарлықтай санын ескере отырып, «тыйым салынған» сериялар саны өзгеретіні сөзсіз. Серияларды тағайындау үшін кезекті қалыптастыру әліпби тәртібімен жүзеге асырылады, – деп толықтырды ІІМ.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button