Жаңалықтар

Тың бастамалар, қарышты қадамдар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жаңа бағыттардан тұратын халыққа Жолдауын жолдады. Егеменді еліміздің және халықтың игілігін көздейтін жаңа Жолдаудан жаңа үміттер күтіп, ерекше ризашылықпен тыңдадық.

Жолдауда басты қозғалған тақырып – қазіргі қалыптасқан жағдайға байланысты қабылданған шешімдер болды. Перзидентіміз айтқандай, қазір еліміз күрделі кезеңдердің бірін бастан өткеріп отыр. Осындай сын-сағаттарда Президент елдің жұмылған жұдырық болуы тиіс екенін айтты. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында Қазақстанның әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту үшін қабылдануы керек нақты шараларды атап көрсетті. Президент еліміздің болашақ саяси жүйесінің моделін айқындады. Бұл басқарудағы жаңа жүйе – қисынды қадам, ұлт саясатының белсенді іске асуы және халықтың әл-ауқатының өсуінің, тұрмыс сапасының артуының негізі болмақ. Себебі, Мемлекет басшысы халық алдындағы айтқан барлық алдына қойған мақсаттардың орындалатынын нықтап айтты. Президенттің Жолдауда көрсеткен барлық мақсаты жемісті жүзеге асырылып, Қазақстан халқының табыспен өркендей беруіне тілектеспін. Мемлекетіміздің бүгінгі және алдағы уақытта атқаруға тиісті іс-әрекетіне бағдар ретінде ерекше ықыласпен қабылдаған Жолдауды мұқият тыңдап, ой елегінен өткіздім.Мен Жолдауда көрсетілген бағыттарды толығымен қолдаймын!

Айым МҰХИТБЕКҚЫЗЫ, Қарқаралы аудандық мәслихатының депутаты.

Басқа материалдар

Back to top button