Туризмнің түлегені ме?
Өткен жылы облыста туристерге арналған нысандар саны 8,2%-ға артқан. Ресми мәліметті облыстың статистика департаменті хабарлап отыр.
Департамент дерегіне сүйенсек, 2016 жылы біздің аймақта 225 қонақ үй, мотель, жазғы демалыс аймағы, пансионат пен демалыс үйі жұмыс істеді. Олардың қызмет көлемі бір жылда (2015 жылмен салыстырғанда) 13,3%-ға артып, 3872,4 млн. теңгені құрады.
Жалпы алғанда, бір жылда қонақ үйлер, демалыс үйлері 241 мың адамды қабылдаған. Келушілердің жалпы санының 93%-ын – республика тұрғындары, 7%-ын шетелдік азаматтар құрапты.
2016 жылы Балқаш көлінің жағасы мен Қарқаралы ауданында орналасқан курорттық аймақтарда 66 нысан жұмыс істеген. Яғни, 2015 жылмен салыстырғанда, олардың саны 4,8%-ға артқан. Ал, келушілер саны – 58,8 мың адам.
Қуаныш АМАНҚҰЛОВ