Жаңалықтар

Туған жер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қадірлі отандастар!


Сіздерді ұлт құндылықтарын сақтау, насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесіндегі айтулы күннің бірі 24 тамыз -Туған жер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл барша халқымыз үшін тарихи мәні терең күн! 1920 жылы қазан айында Қазақ Автономиялы республикасы жарияланудың алдында қазақ жерінің шекарасын белгілеу мақсатында ұлтымыздың біртуар перзенттері Ахмет Байтұрсынов пен Әлихан Бөкейханов, Әлімхан Ермеков В.Ленинмен кездесіп, осы күні 1920 жылдың 24 тамызында Қазақстанның ұлттық мемлекеттік территориясын бекіттірді. Ал 1920 жылдың 26 тамызы күні Қазақ автономиясын құру және оның жер көлемін белгілеу жөнінде декрет дүниеге келді. Ұлт ұлыларының еңбегін паш ететін бұл күн, ел үшін жанқиярлық пен туған жерге деген шынайы сүйіспеншіліктің озық үлгісін насихаттайды.
Барлықтарыңызды 24 тамыз – Туған жер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміз өркендей берсін!
Темірғали КӨКЕТАЕВ, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы, профессор.

Басқа материалдар

Back to top button