АймақҚарқаралы

Туған күнмен тұспа-тұс келген саяси науқан

Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясына дауыс беруде қарқаралылық тұрғындар белсенділік танытуда.

Суреттер автордан

Ұлағатты ұстаз, спорт саласының ардагері Дүйсентай Оспанов үшін бүгін қос мереке – еліміздің болашағы үшін өтіп жатқан референдум қарияның туған күнімен тұспа-тұс келді. 91 жасқа толып отырған ақсақал Қарқаралы қаласындағы №465 референдум учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Референдум комиссиясының мүшелері мен байқаушылар қадірлі қарт ұстазға мықты денсаулық, мол күш-қуат пен қуанышты сәттер тіледі.

.

Қарқаралының ардақты ақсақалы, ардагер ұстаз Қабыш Ысқақов денсаулық жағдайына байланысты рефрендум учаскесіне аяғымен бара алмаса да, үйінен дауыс беріп, Ата заңға қатысты референумда таңдауын жасап, өзінің азаматтық ұстанымын білдірді.

Қарқаралының тұрғыны, зейнеткер Галя Асубаева қаладағы №467 референдум учаскесіне немересі Ақботамен бірге барып, өзінің азаматтық құқығын пайдаланды. Ол елімнің болашағы үшін таңдау жасадым дейді.

Қазақстан Конституциясының жаңа редакциясына жолдама беретін референдум бөгеліссіз және ұйымшылдықпен өтуі үшін Қарқаралыда «Инва-такси» қызмет көрсетуде. Қала тұрғыны Әлимаш Әлпейісова №466 рефрендум учаскесіне бару үшін осы көліктің қызметін пайдаланып, өз таңдауын жасады.

Ермек БАЛТАШҰЛЫ
Ortalyq.kz

Қарқаралы ауданы

Басқа материалдар

Back to top button