Жаңалықтар
Цирктің алдындағы саябаққа жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Қарағандыдағы Цирктің алдындағы саябаққа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа тастөсемдер төселіп, жарықшамдар орнатылмақ. Істен шыққан субұрқақ та қалыпқа келтіріліп, автоматты суару жүйесі іске қосылады.
Бұған дейін бұл аймақ әкімшіліктің балансына кірмеген. Қала тұрғындары істен шыққан субұрқақтың, төселген сапасыз тастөсемдер мен жарықшамдардың жоқтығын айтып әкімдікке жиі шағымданатын. Қазір әкімшілік бұл аймақты өз балансына алып, жөндеу жұмыстарын бастап кетті.
Жөндеу жұмыстарына жауапты – «Интерком-Т» ЖШС. Жоспар бойынша жұмыстар толығымен 31 тамызға дейін аяқталады деп күтілуде.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz