Ресми
Цифрландыру деңгейі бойынша Орталық Азияда Қазақстан – бірінші орында
Ғаламшардағы 4 млрд. тұрғын – web-кеңістіктің тұрақты қолданушысы. Халық арасында цифрландыру деңгейі тұрғысынан Қазақстан әлемде 15-ші орынға жайғасты. Рейтингті Біріккен ұлттар ұйымының ІТ сарапшылары қорытып, электрондық Үкіметті дамыту жөніндегі дерекқорының ресми сайтында жариялады.
Бұл саладағы әлемдік көшбасшы – Жапония. Айта кету керек, Орталық Азияда Қазақстан – бірінші орында. «Болашаққа дайындық» факторы бойынша Қазақстан соңғы жылдары позициясының тұрақты өсуін көрсетіп отыр. Қазақстандағы интернеттің қолжетімілігі мынадай: ауылдық жерде – 90 пайызды шамаласа, қалада – 95 пайыз. Харекет жоқ емес, бар. Жағдай – жоқтан жоғары. Берекеті әрбір саналы жанның игі тілегіне қонары сөзсіз.
Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ,
Ortalyq.kz