ЦЭТВ-ға қалай қосылу керек?

«Қазтелерадио» АҚ цифрлық эфирлік телехабар тарату желісіне қосылу кезіндеазаматтарды мұқият болуға шақырады. Алматы қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысында аналогтық желінің өшірілуіне байланысты DVB-T2 стандартын қолдамайтын қабылдағыштарды сатыпалу оқиғалары жиілеп кетті. Лайықты ресиверді қайдан сатып алу қажет, әрі цифрлық эфирлік телевизияға қалай қосылу керек және тағы басқа сұрақтарға «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, коммерциялық директордың міндетін атқарушы Ғани Туматов жауап берді.

Теледидар DVB-T2 стандартында жұмысістейтінін қалай білуге болады?

Ол үшін нұсқаулықтағы техникалық сипаттамалар бөлімінде сандық стандартты қолдау элементін іздейсіз. Онда – DVB-T / T2 MPEG-4 деп жазылуы керек. Ғаламтордағы іздеу өрісінеөзіңіздің теледидар үлгісін енгізесіз. Пайда болған бетте «барлық сипаттамалар», әрі қарай «сигналды қабылдау» тармағын іздейсіз. Егер сіздіңтеледидарыңыз цифрлық эфирлік стандартты қолдаса – DVB-T / T2 MPEG4 жазылуы керек.

Көптеген жаңа теледидарлар DVB-T2 стандартын қолдайды. Егер сіздің теледидарыңыз 2013 жылдан ертерек шығарылса, DVB — T2 сандық қабылдағышын сатып алу керек. Оны ресивер немесе теледидар тюнері деп те атайды. Сондай-ақ, дециметрлік антенна қажет. Ресиверді қосу арқылы антеннаны орнату оңай.

Ол үшін:

дұрыс антеннаны таңдаңыз;

қажетті опциялар жиынтығы бар теледидар тюнерін таңдаңыз;

қосылу схемасына сәйкес коммутация жасаңыз.
Қай антеннаны таңдау керек?

Бөлме және көше антенналары болады. Тұрғынүй кешендерінің тұрғындары бірігіп бір антеннаны үйге қоя алады. Қаладағы жеке үйлерде сіз бөлме антеннасын қолдана аласыз, бірақ теледидар мұнарасы тікелей көрінуі керек. Телемұнарадан алыс орналасқан үйлердің тұрғындары үшін көше антеннасы қолайлы.

Сандық теледидар үшін қай ресиверді таңдау керек?

Ресиверлерге таңдау өте үлкен, бірақ цифрлық теледидарды қосу үшін бір ғана факт маңызды — DVB-T2 стандарты. Ресиверлер қосылу тәсілімен (RCA, HDMI,SCART және т.б.), сондай-ақ қосымша опциялармен ерекшеленеді. Құрылғының толық жиынтығына қуат көзі, қашықтан басқару пульті, нұсқаулық кіреді. Қуат көзі сыртқы немесе кіріктірілген болуы мүмкін. Сыртқыны сынған жағдайда ауыстыруға болады, кіріктірілгенпрактикада тұрғысынан аз қолданысқа ие.
Антенна мен DVB — T2 сандық құрылғысын қалай орнатуға болады?

Ең алдымен, ең жақын мұнараның орналасқанжерін анықтау керек. Ол үшін онлайн қызметтерді пайдаланыңыз. Сізге ең жақын ЦЭТВ тарату нүктесін www.tsetv.kz сайтынан табуға болады.

ЦТВ қамту картасын қолдана отырып, сізөзіңіздің аумақта таратылатын арналар пакетін көре аласыз, қасындахабар таратады, күтеді деген секілді статусы көрсетіледі. Осыдан кейін антеннаны бекіту орны мен тәсілін анықтаңыз. Тарату сапасын жақсарту үшін көше антенналарын сигнал көзіне бағыттау керек. Антеннаны балконға немесе терезе жақтауына бекітіңіз. Әрі қарай кабельді цифрлық қабылдағышқа дейін өткіземіз.

Антеннаны сандық ресиверге қалай қосуға болады?
Теледидарды желіден өшірген соң бір ұшы қабылдағышқа, екіншісі теледидарға жалғанған RCA немесе HDMI кабелін қосамыз.

Одан кейін теледидардағы AV, HDMI сигнал көзін таңдаңыз. Ресивердің мәзір терезесі пайда болуы керек. Пультте бұл батырма SOURCE, TV/VIDEO, INPUT деп аталуы мүмкін. Қабылдағыштың пульті арқылы MENU батырмасын басыңыз.

Мәзір элементтерінен «ІЗДЕУ» батырмасын таңдап, «қолмен іздеу». UHF (DMV) диапазонын орнатуды ұмытпаңыз. Содан кейін сіз қуат және сигнал сапасының көрсеткіштерінкөресіз. Антеннаны әртүрлі бағытта бұрыңыз, идеалды позицияны таңдап, антеннаны бекітіңіз.Мәзірде «ІЗДЕУ» — «Авто іздеу» таңдаңыз. Арналар автоматты түрде орнатылады.

Айта кетерлік жәйт, «Қазтелерадио» АҚ цифрлық эфирлік телехабар тарату желісіне қосылуға арналған қондырғыны сатумен айналыспайдыwww.tsetv.kz ресми сайтында аймақтар бойынша дилерлер тізімі жарияланған. Кез келген азамат өзіне қажетті дилерді таңдай алады. Қосымша сұрақ туындаған жағдайда«Қазтелерадио» АҚ call-орталығына келесі нөмірлер арқылы хабарласуға болады:

2 581 500 (Алматы қаласының тұрғындары үшін)

193 (үй телефонынан аймақтық қоңыраулар тегін)
8 8000 800 193 (ұялы телефоннан ақысыз қоңырау)